Сыр өңірінде Әз-Наурыз мерекесіне орай ұлттық ойындарды ұлықтаған іс-шара өтті. Теміржолшылар паркіндеді мерекелік жиынды «AMANAT» партиясы қалалық филиалына қарасты «Қызылорда темір жолы» бастауыш партия ұйымы ұйымдастырып отыр.
Салтанатты шараға темір жол саласының ардагерлері, ұжым қызметкерлері мен партияның белсенді мүшелері қатысты. Мереке аясында сала үздіктеріне ведомстволық наградалар табысталып, кәсіподақ ұйымы мен партия тарапынан сый-сияпат көрсетілді. Қол күрес пен арқан тарту секілді ұлттық ойындардан сайыстар өтіп, қатысушылар жеңімпазды анықтады.