Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі өңірде кең көлемде аталып өтуде. Ақсуат ауылдық округіне қарасты Жақыпбек Махамбетов ауылында да ұлттық мереке жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
ИБНМАХСУТ РАХМЕТОВ,ТІЛШІ
"Қыстан шыққан ауыл тұрғындары үшін Наурыз – жаңа өмірдің бастауы. Бүгін мұнда көктеммен бірге келген қуаныш пен жаңару айқын сезіледі. Ауыл іші думанға толып, ұлттық дәстүрлер қайта жаңғырып жатыр. Жұрт бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектерін айтуда. Бұл – бірлік пен берекені ұлықтайтын Ұлыстың ұлы күні."
Мерекелік шараның шымылдығын Ақсуат ауылдық округінің әкімі Нұрболат Бақытов ашып, тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, ауылда жүзеге асып жатқан игі бастамаларға тоқталды.
Шара барысында ұлттық салт-дәстүрлер дәріптеліп, тұсаукесер рәсімі өткізілді. Жастар алтыбақан теуіп, ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылды.
Осылайша, ұлыстың ұлы күні ұлттық дәстүрлер мен татулықты дәріптейтін мерекелік шарамен қорытындыланды.