Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі облыс бойынша департаментінің жанынан құрылған кедергілер жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында шағын бизнеске кедергі келтіретін санитарлық нормалар талқыланды.
Мамандардың пікірінше, адамдардың өмір сүру ортасы мен денсаулығына кері әсер ететін қуаттылығы әртүрлі кәсіпорындарға қауіптілік класына байланысты санитарлық-қорғау аймағы орнатылуы тиіс. Осы ретте өңірде тиісті түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді. Бұдан бөлек, басқосуда аймақ экономикасының түрлі салаларында жинақталған өзекті проблемалар қайта қаралып, олардың шешілу жолдары ұсынылды. Кеңес мүшелері қабылданған шешімдердің нақты іске асуы бақыланып, назардан тыс қалмау керектігін атап өтті. Мұнан бөлек, кеңес жұмысының тиімділігін арттыру, шешімдердің орындалуын бақылау тетіктерін жетілдіру мәселесі де қозғалды.