Осыдан тура төрт жыл бұрын сәуір айында сырбойылықтар дамудың жаңа парағын ашты деуге негіз бар. 7-сәуірдегі Президент Жарлығымен Нұрлыбек Нәлібаев облыс әкімі болып тағайындалды. Сол төрт жыл ішінде 10 жылға татыр тірлік жасалды дейді ел азаматтары. Бәрін баяндауға эфир уақыты жетпейді әрине, біз тек топ-5 деген тірлікті спикерлер аузымен жеткізуге тырысамыз, - дейді тілшіміз

Сәуір айы Сыр елі үшін тәуір ай болатынын осыдан төрт жыл бұрын топшыладық па, жоқ па білмейміз, бір білетініміз, сол уақыттан бері Қызылорда өңірі өзгерістер мен үдерістерді бастан өткеріп жатыр.

Судың таза-ласын ондағы балық біледі, басшының жаман-жақсысын мұндағы халық біледі демекші, төрімізді толтырар қариялар да қарап жүрген жоқ, әкімнің аяқ алысынан жақсы хабардар

Су демекші, дарияның жағасына қоныс тепкен қызылордалықтар үшін Сыр-ананың сарқылмағаны керек, егістің бітік шыққаны керек, малға жайылым болғаны керек.

4 жылда облыс бюджеті де айтарлықтай өсті. 2022 жылы ол 391,4 млрд теңге болса, бүгінде ол 728,2 млрд теңгені құрап, өсім 186 пайызды құрады. Бюджетті бекітетін депутаттар корпусының жетекшісі оны жетік біледі

Спикерлер топ-тірліктерді тілге тиек етті. Атқарылып жатқан жұмыстың бәрі халықтың көз алдында. Сол ауыз толтырып айтар тірліктің бәрі елдегі ауызбіршіліктің арқасы, әр іске әреке емес, береке кіргізіп жүрген «елге болсын» деген ортақ мүдденің арқасы, қызылордалықтардың ертеңге деген сенімінің бекемдігінің арқасы.