Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева Сыр өңіріне келді. Өнер иесін әуежайдан көпшілік ерекше ықыласпен қарсы алды. Әнші бұл жолы шығармашылықтағы 50 жылдығына арналған концерттік бағдарламасын ұсынады.

«Сахнада 50 жыл» атты концерттік бағдарламада халық сүйіп тыңдайтын әндер орындалады. Кеш барысында өнер иесінің елге кеңінен танымал туындылары да шырқалады. Сондай-ақ, сахнада өнер иесінің балалары да өнер көрсетіп, көрерменге ерекше әсер сыйламақ.

РОЗА РЫМБАЕВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ

"Менің биылғы жылым сахнада 50 жыл деген атауменен барлық облыс орталықтарында өтіп жатыр. Кеше ғана Қостанайда болдық, енді міне сіздерге келіп тұрмыз. Сыр елі- жыр елі ғой. Енді көптеген тыңдарман менің әндерімді жақсы біледі, сондықтан концертке келсеңіздер, бірігіп шырқайық, бірігіп менің жастық шағымды еске түсірейік. Жалпы менің репертуарымда Қызылордалық авторлар өте көп,сондықтан өздеріңіздің жерлестеріңіздің маған арнап жазған әндерін бірге қосылып шырқайық. Енді әр кездесу мен үшін үлкен қуаныш,себебі сіздер әрқашан да менен жаңалық күтесіздер, ал мен әрқашанда сіздерден қызығушылық күтемін. Себебі, сіздер музыка жағынан өте жоғары талғамы бар көрермен деп санаймын өзім сыр елін, жыр елін және де сіздерден шыққан авторларда менің шығармашылығымда негізгі орын алады. Сондықтан, міндетті түрде сіздердің авторларыңызды орындаймын."

Айта кетейік, Роза Рымбаеваның концерті бүгін сағат 19:30-да Өнер орталығында өтеді.