Ардагер аяқдопшылар маусымды қорытындылады. 45 және одан жоғары жастағы ардагер футболшылар турниріне 8 команда қатысты.

Екі айға созылған додада ардагер футболшылардан жасақталған командалар тартысты ойын өрнегін көрсетті. Ойындар айналмалы жүйе бойынша өтіп, ең көп ұпай жинағаны жеңіс тұғырына көтерілді.

Ерекшелігі сол, бес жылдық белестің құрметіне орай тағы бір жас ерекшелігі бойынша лига жасақталды. Оған 50 жастан асқан аяқдопшылар қатысты.

Жарыс қорытындысымен 45+ лигасында «Жаңақорған» ауданының командасы чемпион атанды. Ал, биыл алғаш рет ұйымдастырылған 50+ жас ерекшелігі бойынша «Мелиоратор» тобы жеңіс тұғырынан көрінді.

Ардагер аяқдопшылар мұнымен тоқтап қалмаймыз дейді. Ала доп аламанын үзбей ұйымдастыруды мақсат етіп отыр. Ендігі кезекте - жазғы маусымға дайындық.