#qyzylordatv

Өнер орталығында Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің кино әлемінен музыкалық кеші өтті. Концертте әлемдік хит әндер мен кинофильмдердің саундтректері орындалды.

Музыка мен кино үйлесім тапқан бұл кеште көрермен әлемге танымал фильмдерді қайта еске түсірді. Жанды дауыста ән шырқалып, сахнада ерекше атмосфера орнады. Айталық, түріктің Бозторғай, Ер Тұғырыл, сонымен қатар Салют, Наруто, Агент 007, Баба Йету және басқа да әлемге әйгілі кинофильмдердің саундтректері орындалды.

 РУСЛАН БАЛМАСОВ – БАС ДИРИЖЕР

 Жастарымызды, халықты оркестрге тарту мақсатында осындай жоба қолға алынған болатын. Ерекшелігіне келетін болсақ әрбір әлемге танымал әндер, әуендер, сонымен қатар, кинофильмдер, өзіміздің әндер де ішінде қамтылған.

 Өз саласының үздіктері өнер көрсеткен кештегі әрбір туындының әсері ерекше. Оркестрдің көркемдік жетекшісі – "Тұран" сыйлығының иегері Нұрғиса Нұрбай. Ал бас дирижері – халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Руслан Балмасов.

 ГАУХАР БИСЕКЕНОВА – ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ «ЭСТРАДА» БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

 Тұрмағамбет атындағы хылқ аспаптар оркестрі көптеген шығармалары бар екенін өздеріңіз де білесіздер.Халық та жақсы біледі. Бірақ бүгінгі шығармалардың ерекшелігі баршаның есінде бар, әлемдік хит әндер болғандықтан көптеген бағыттағы әндерді қамтып жатыр. Құдай қаласа, халықтан алып жатқан әсеріміз керемет.

 Кеште жалпы 18 шығарма орындалды. Көрермендер бірде шабытқа толы қарқынды музыканы, бірде баяу да лирикаға толы әндерді қосыла шырқады. Айта кету керек, мұндай концерт алдағы уақытта да ұйымдастырылады.