#qyzylordatv
Халықаралық «Орда» жоғары колледжінде «Қазіргі білім беру кеңістігіндегі педагогикалық инновациялар, инклюзивтік және гуманитарлық зерттеулердің рөлі» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өтті.
Конференцияға еліміздің жоғары оқу орындарымен қатар көршілес Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан елдерінен зерттеуші ғалымдар мен педагогтер онлайн режимде қатысты. Жиында кәсіптік және техникалық білім берудегі заманауи әдістерді қолдану, жасанды интелектінің мүмкіндігін кеңінен пайдалану, инновациялық жобаларды жүзеге асыру және инклюзивтік білім беру мәселесі жан жақты талқыланды. «Орда» жоғары колледжінде студенттердің жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктері ескерілген, яғни кедергісіз білім алуына жағдай жасалған. Сондай-ақ, шетелдің үздік оқу орындарымен байланыс орнатып, бірлесіп жұмыс істейді. Бұл білім алушылардың кәсіби құзіреттілігін дамытып, еңбек нарығына бейімдеуге үлкен мүмкіндік береді.
ГҮЛШАРА ТӘЖІКОВА, «ORDA» ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Конференцияның мақсаты – білім беру жүйесіне инновациялық тәсілдерді енгізу, инклюзивті білім беру ортасын дамыту және гуманитарлық ғылымдардың қоғамдағы маңызын айқындау. Бұл өз кезегінде халықаралық тәжірибе алмасуға, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге үлкен мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беруге колледжде жағдай жасалған, арнайы кабинеттер жабдықталған