#qyzylordatv

Орталық алаңда кітап жәрмеңкесі өтті. «Кітап құрттары» клубы ұйымдастырған шараның мақсаты – тұрғындарды кітап оқуға баулу.

 Орталық алаңда серуендеп жүрген жастар жәрмеңкеге қатысып, түрлі жанрдағы кітаптармен танысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастама оқырман мәдениетін қалыптастыруға сеп болады.

 ІЗБАСАР ӘМІР – КІТАП ҚҰРТТАРЫ КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

  Бұл жердегі негізгі мақсат - кітап құрттары болып басқада іс- шараларды талқылаған кезде көбіне белгілі бір кітапханың коворкинг залында немесе ғимаратта өткіземіз. Егерде біз өзге адамдарды кітаптың идеясына тартқымыз келсе, осындай қоғамдық орындарда,ашық жерлерде адам көп жүретін нағыз тіршілік нысаны байқалатын жерде өткізгеніміз дұрыс деп шештік. Жастарды жинап осындай әрекетті бастап жатырмыз. Енді алдағы уақытта осыны бір дәстүрлі түрде өткізіп тұратын шара еткіміз келеді.

АҚМАНАТ ЖЫЛКЕЛДИЕВА – ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ КІТАПХАНАШЫСЫ

 Бұл шараның негізгі мақсаты - адамзат баласына қазіргі таңдағы жастарға интернет желісінде көп отыратын жастарды кітап оқуға шақыру. Кітап оқу арқылы адамзат баласы рухани бай болатын,білікті де білімді және әрбір сөйлеген сөзінің майын тамызып айтатындай ерекше жас болып өсетіндегі жайлы насихаттап айту.