#qyzylordatv

Облыс орталығында «Жастар және сайлау» атты республикалық форум өтіп, оған 400-ден астам жас сайлаушы қатысты. Жиында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров пен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері сайлау үдерісінің өзекті мәселелерін талқылады.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ашылған Жас сайлаушылар клубының кабинетімен танысты. Мұнда студенттер «Сайлау құқығы» пәнін меңгеріп, қонақ дәрістері мен практикалық кездесулерге қатысады.

АЙНҰР ИСАЕВА – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

 Бұл дәрісхананың негізгі маңыздылығы Құқықтану білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттерге арнайы сайлау құқығына қатысты, жалпы ұлттық, республикалық референдумға қатысты тәжірибелік дәрістер өтетін болады.

Форумға орталық сайлау комиссиясының, еліміздің барлық өңірлерінен Жас сайлаушылар клубтарының мүшелері, облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, сондай-ақ Қызылорда облысының сайлау комиссияларының мүшелері қатысты. Жиында Нұрлан Әбдіров сайлау үдерісін ұйымдастырудың негізгі элементтерін атап өтіп, еліміздің сайлау органдарының қызметі, Орталық сайлау комиссиясы жанындағы диалог алаңдары және халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды.

 БЕКДӘУЛЕТ ДӘУҚАРАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ЖАС САЙЛАУШЫЛАР КЛУБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, СТУДЕНТ

 Бұл дәрісхана несімен маңызды деген сұрақ қойылған болатын. Бұл жастардың қазіргі сайлау процесіне деген қызығушылығын арттыруға, азаматтық белсенділігін күшейтуге және саяси сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған. Келешек өзіміздің Президентіміз Жолдауында айтады жастардың қолында деп.Жастардың арасында «Менің пікірім маңызды емес» деген қате пікір бар. Сол пікірді жою біздің негізгі мақсат болып саналады.

 АЙҒАНЫМ ҚАЛИЕВА – СТУДЕНТ

 Бұл біз үшін үлкен тәжірибе. Осындай ашық диалог арқылы пікірімізді еркін жеткізе аламыз деп ойлаймын. +Айта кету керек, облыстық аумақтық сайлау комиссиясы мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті бірлесіп, Жас сайлаушылар клубы дәрісханасын ашып жатырмыз. Бұл осы жастардың саяси сауаттылығын арттыруға бағытталған қадам болмақ.

 Іс-шара аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Наурызбай Байқадамов пен облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.