#qyzylordatv
Цифрлық технология және жасанды интеллект игілігін игеру уақыт талабы. Ал оны тиімді тетік арқылы тегін меңгерудің жолы қайсы? «Ауыл» партиясының облыстық филалы ұйытқы болған жастар форумында осы мәселе кеңінен талқыланды.
Бүгінде жасанды интеллект бағдарламалары барлық салаға етене еніп келеді. Тіпті болашақта бұл тетік адам қолымен жасалатын жұмыстың 60 пайыздан астамын алмастырады деген ақпар бар. Яғни, ақылды жүйе мұғалімдердей дәріс беріп, дәрігерлердей диагноз қоюы мүмкін. Бұл ретте жасанды жүйенің дұрыс тілін тауып, ақылмен жұмсай білу де үлкен машық. Өңір жастарының басын қосқан форумда осы мәселе таразыланды.
САДЫҚ МҰСТАФА – «АУЫЛ» ПАТИЯСЫ ҚОФ ТӨРАҒАСЫ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
Форум ауыл жастарын қолдауға бағытталған. Оларға қазір үлкен мүмкіндіктер жасалып жатыр. Олар шығармашылықпен, өзін-өзі дамытуымен, спортпен, біліммен айналыса алады. Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан, жастардың бастамаларын, стартаптарын, талпыныстарын жан-жақты қолдаудың маңызы зор
Жиынға «Ауыл жастары» ұйымдарының жетекшілері мен 100-ге жуық белсенді азамат қатысты. Ал оларға жаңа технологияның игілігін түсіндіру үшін білікті мамандар дәріс берді. Айта кетерлігі, аталмыш бастама облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
РУСЛАН КАЮПОВ – ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жастар елдің іргетасы, болашағы. Өңірде жастардың жан-жақты шығармашылық дамуына барлық жағдай жасалуда. Жастардың қатысуымен түрлі іс-шаралар, форумдар кездесулер өткізіліп тұрады...
Форум аясында «Ауыл» партиясының қолдауымен жайдарман фестивалі ұйымдастырылған еді. Ал, қорытынды кеште әзіл арқылы қоғам шындығын тап басқан жастарға қаржылай сыйлықтар табысталды.