#qyzylordatv
Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында күн тәртібінде ұсынылған мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Мейрамкүл Бибітова алдымен өткен отырыста қабылданған шешімдердің орындалу барысын баяндады. Мұнан кейін ішкі мемлекеттік аудит департаменті және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаменті Әдеп жөніндегі уәкілдерінің атқарған жұмыстары қаралды. Жиында Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және ішкі бақылауды күшейту бойынша ұсынымдар берілді.
ЕРЛЕГЕН МЕҢДАЛИЕВ, ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ
Әдеп жөніндегі кеңестің 10 отырысы өткізілді 2025 жылдың қорытындысымен. Ол отырыстарда елуге жуық мәселе қаралды. Он бесі тәртіп іс болса, қалғаны мемлекеттік орган басшыларының есекптері, талдау қорытындылары. Мұндағы негізгі мақсат мемлекеттік қызметтегі заңдылық қағидаттарын, әдеп нормаларын сақталуын бақылауда ұстау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бағытында ұсыныстар әзірлеу.....