#qyzylordatv
Қызылордада кәсіпорынның өндірістік әлеуетін таныстыру мақсатында баспасөз туры ұйымдастырылды. Бір топ журналист жиһаз фабрикасына барды.
«Панабек» жиһаз зауыты өндірістік процестерді толық цифрландыру арқылы еңбек өнімділігін арттырып, өнім сапасын жаңа деңгейге көтерген. Жылдық өндірістік қуаттылығы 20 мың дана жиһаз. Сапасы жоғары болғандықтан сұраныс көп. Сондықтан алдағы уақытта өндіріс көлемін арттыру жоспарланып отыр.
АЛЬБИНА ЖЕТКЕРГЕН, «ПАНАБЕК» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бізде Панабек мебель жиһазы кішкентай шаршы метрден басталған фабрика болатын, қазір нарықта 25 жыл болды жұмыс жасап келе жатқанымызға бастапқыда 40 шаршы метрден бастау алған жиһаз қазір осындай дәрежеге өсіріп жатыр. Станоктардың барлығы автоматтандырылған оның барлығы сапаға қатты әсерін тигізеді және де мебель шығару бұрынғыдай ұзақ процесс емес тезірек дайындалынады.