#qyzylordatv

Телеарнаның мерейтойы қарсаңында тұрақты көрермендеріміз ыстық ықылас, жылы лебізін білдіріп жатыр.

  ӨРКЕН ИСМАИЛ, ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Біз енді анаууууу Жақсылық Бекқожаев ағамыздан бастап білеміз. Шиеліге бірнеше рет келіп, сұқбат жасаған өте керемет кісі еді. Одан кейінгі журналистерді біліп жатырмыз. «Қызық орда» деген хабар жүріп жатыр ғой сол бізді күлкіге кенелтеді, неше түрлі әңгімелер айтылады. Сонымен қатар, «Құдайы қонақ» деген ол да керемет. Сол арқылы облыстағы тұрғындардың тіршіліктерін, жасап жатқан еңбектерін қарапайым адамдар, қарапайым механизатор, шопан, жүкші деген сияқты мамандықтарды ауылға барып тауып алып жатыр. Бұл халықты ынталандырады. Соңғы бір жаңалық апта сайын қорытындылайды. Ол да өте орынды, кейбір көре алмай қалса аптаның соңындағы қорытындыны тыңдап отырады. Біз енді Шиелі ауданының ардагерлері үзбей көріп отырамыз

 КЕНЖЕБАЙ ЖҮСІП, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ

94 жылы Абайдың 150 жылдығы қарсаңындағы ол кездегі басшы Әбдіжәлел Бәкіров ағамыз еді сол кісінің ұйымдастыруымен республикалық ақындар айтысында бас бәйге алғаным бар. Бұл телеарна мен үшін өте ыстық, жалғыз маған емес шығармашылық жолдағы, қарапайым еңбек адамы болсын халыққа еңбегін насихаттауда, келер ұрпаққа жөнді тәрбие беруде шексіз еңбек етіп келе жатқан үлкен телеарна. Ұжымға шығармашылық табыс тілеймін

 АЙМАН ҚАНАТ, ЖАНҚОЖА БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ \кешкі алтыда Жаңалықтарды көреміз. Мына шеті Арал, арғы шеті Жаңақорғанның ортасындағы жаңалықтарды айтады. Одан кейін бағдарламалар бар ауылды аралайтын «Құдайы қонақ» деген, онан қалды «Қызық орда» деген бар айтыскер ақын Мұхтар Ниязов баламыздың жүргізетін соны көреміз. Өзекжарды, түсте «Қайырлы күн» деген бар. Әкімжан Жолтаев деген баламыз бар, Асқар Тәжиев, Елжас, Дәулет деген баламыздың жаңалықтарын көріп отырамыз. Қызылорда арнасының 35 жылдығы екен. Мереке құтты болсын деймін. Еңбектері жемісті болсын, шығармашылық табыс тілеймін.

 ДИНА МЕЙІРМАН – ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Қызылорда телевидениесін жібермей көріп тұрамын. Жаңалықтан күнделікті хабарымыз бар. Өзім «Айқаракөз» деген бағдарламаға барып, жылын есіме сақтамаппын. Хабарға түскенім бар. Айсұлу деген журналист қыз түсіріп еді. Одан кейін, 1993 жылы екі ақ жыл болған, осы Жалағаш ауданына келіп менің жолдасым туралы «Армандап өткен ғұмыр» атты телевидениеге жарты сағаттық хабар түсірді. Оны көрсетті облыс көлемінде. Ол кезде Орынбасар, Есенгелді Шілдебаев болатын. Бастығы Бәкір Жәлел ағамыз болатын. Ондағы мықты журналистерді білеміз. Олардың сөзі ұрпаққа үлгі. Мысалы, Айтүкл Шалғынбаева. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Еңбектеріңіз жана берсін. Жақсы хабардың жаршысы бола беріңдер дегім келеді.