#qyzylordatv

 Қызылордада дәстүрлі «Әдеби автобус» жобасы аясында «Кітап QALA» іс-шарасы өтті. Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі оны Ұлттық кітап күніне арнады.

 Бағыты теміржол вокзалынан басталатын №11 қоғамдық көлік бұл күні әсем безендірілген жылжымалы кітапханаға айналды. Жолаушылар жол-жөнекей поэзиялық жыр тыңдап, жас өнерпаздардың орындауындағы әндерді қосыла шырқады. Сондай-ақ, «Әдеби автобуста» жыр жолдарынан үзінді оқып, Абайдың қара сөздерін жатқа айтқан оқушылар көптің қошеметіне ие болды. Ал қызықты викториналық ойындардың жеңімпаздарына сыйлықтар үлестірілді. Тосыннан қызықты шараға тап болған жолаушылар кітап оқуға деген қызығушылығы оянғанын айтты.