«Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығы Арал ауданында «Парктер шеруі – 2026» табиғатты қорғау акциясын өткізді. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы шарада экологиялық сабақтар, танымдық кездесулер ұйымдастырылып, ағаш көшеттері отырғызылды.
«Парктер шеруі» акциясы тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстап, табиғатты қорғауға және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Шара барысында «Барсакелмес» қорығының қызметкерлері білім беру ұйымдарымен бірге сенбілікке шығып, санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Мыңға жуық ағаш көшетін отырғызды. Сонымен қатар, мектеп оқушылары арасында түрлі байқаулар өткізіліп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.