#qyzylordatv
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні. Осыған орай облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті дәріханаларда ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында дәріхана қызметкерлеріне күшті әсер ететін заттарды рецептсіз босатудың алдын алу мәселелері түсіндіріліп, дәрілік заттар айналысы саласындағы қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы ақпарат берілді.
Бүгінде дәрілік есірткі құралдары мен психотроптық заттар медицинада емдеу мақсатында қолданылады. Олар ауырсынуды басу, жөтелді тоқтату немесе жүйке жүйесін емдеу үшін дәрігердің рецептімен ғана қатаң бақылауда беріледі. Міне осындай медициналық препараттарды сату және сақтау ережелерін бұзу жағдайлары орын алмас үшін мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.