#qyzylordatv
Ел өміріндегі айтулы оқиғаларды дер кезінде жеткізіп, түйткілді мәселелерде бірінші болып үн қататын БАҚ өкілдерінің мерекесі Шиеліде аталып өтті. Кәсіби мереке қарсаңында аудан әкімі қаламгерлерді құттықтады. Сыр журналистикасында өзіндік орны бар журналистің бірі – Нұрмахан Елтай. Өткір мәселелерді дөп сөзбен жеткізетін қаламгер мыңдаған мақала, очерк өз алдына, сатиралық кітаптардың да авторы. Бүгінде ол басқаратын «Шарайна-Сейхун» басылымы қос ауданға тарайды. «Қалам жеңіл болғанымен, оның көтерер жүгі ауқымды» дейді ақпарат саласының өкілі. Жиында аудан әкімі БАҚ саласының маңыздылығын, журналистер қауымына артылған жауапкершілік жүгінің ауқымды екенін атап өтті.
АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ – АУДАН ӘКІМІ
«Бүгін аудан әкімдігінде өздеріңізді қабылдап, журналистер, ардагерлеріміз бар, өздеріңіздің оқөырмандарыңыз бар, шын жүректен құттықтап, алғыс айтуға жиналып отырмыз. Жалпы шараның тарихы тереі. Соңғы жылдары ауданда БАҚ бойынша біршама жұмыстары үйлестрілген. Бір ауданның өзінде екі газет оқырманға жол тауып жатыр.оының аржағында облыстық, республикалық газеттің меншікті тілшілері бар. Ол кісілердің де жұмысы, әр ауданда жетіп жатқан жетістік, халықтың әлеуметтік жағдайы, өзекті мәселелеір бар, сол жерде өздерінің іскерліктерімен оқырмандарға жеткізіп жатқан әріптестерімізге рахмет айтамын.»
Журналистер күнделікті жаңалықтың қайнаған ортасында жүріп, ел өміріндегі маңызды оқиғаларды жұртшылыққа жедел жеткізетін мамандық иесі. Күн мен түнге қарамай түсірілім жасап, кез келген уақытта аудан, ауылға аттанады. Шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәдениеті мен тыныс-тіршілігін насихаттауға үлес қосқан журналистерге Алғыс хаттар табысталды.
Қазір ауданда 87 жылдан астам тарихы бар «Өскен өңір газеті» және аймақтық «Шарайна-Сейхун» басылымдарының редакциясы жұмыс істейді. Ақпарат құралдарында 30-ға тарта адам еңбек етеді. Жалпы кәсіби мереке қарсаңында ауданда түрлі бағыттағы шара ұйымдастырылуда. Жуырда журналистер арасында шағын футболдан турнир өтеді.
Қоғамның ахуалын уақытында бағамдап, сапалы сараптама жасайтын көзіқарақты журналистердің еңбегі қашанда бағалы. Мереке аясындағы мұндай құрмет ақпарат саласының өкілдеріне жаңа серпін берері анық.