#qyzylordatv 

Сонымен Мемлекет басшысының тапсырмасымен Сыр өңірінде алғаш рет БАҚ саласының қызметкерлеріне баспана кілті табысталды. Әріптестеріміздің қуанышымен бөлісіп, жаңа шаңырағына барып келген әріптесіміз Айдана Жұмадинова толығырақ тарқатады.  


АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА – ТІЛШІ

"Күн сайын елдің жаңалығын халыққа жеткізіп жүрген журналистердің өзі кейде жаңалықтың кейіпкеріне айналады. Бүгін сондай қуанышты сәттердің бірі. Президент тапсырмасымен биыл алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге пәтер кілті табысталды. Сыр елінде мұндай марапат “Сыр медиа” серіктестігі директорының орынбасары Азиз Батырбек пен Қызылорда телеарнасының операторы Рамазан Жүсіпбекке бұйырды."


АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА – ТІЛШІ

"Бұл – Азиз Жұмаділдаұлының су жаңа баспанасы. Салтанатты шарада 3 бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Қарымды қаламгер 15 жылға жуық баспасөз саласында еңбек етіп келеді. 4 баланың әкесі."


Кәсіби мерекеде ерекше сый-құрметке ие болған Әзиз Батырбектің шаңырағына облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет арнайы барды. Журналистің қажырлы еңбегі қашанда құрметке лайық екенін атап өтіп, жаңа қонысқа құтты болсын айтты.


МЕЙРАМБЕК ШЕРМАҒАНБЕТ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 

"Бүгін Сыр өңірінде салтанатты жиында балаларыңызға осындай пәтер Мемлекет басшысының атынан табысталды. Президентіміздің құрмет, көрсетіп жатқан, сыйы. Баспасөз күні қарсаңында. Құтты болсын! Балаңыз да келініңіз де Сыр медиа орталығында журналист, баспасөз өкілі болып жұмыс жасап жатыр. Қанша жылдан бері еңбегі бар."

 

Облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет «QYZYLORDA» телеарнасының телеоператоры Рамазан Жүсіпбектің шаңырағына да арнайы барып, құттықтады.

Рамазан Жүсіпбек телеарнада 7 жылдан бері еңбек етіп келеді. Уақытпен санаспайтын, өз ісіне берілген нағыз маман журналистпен бірге аудан, ауылдарды аралап, талай тарихты таспалады. Қызықты кадрларды камераға түсіріп, көгілдір экран арқылы көрерменге ұсынды. 


АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА – ТІЛШІ

"Иә, бұл Сыр қаламгерлері үшін ерекше жаңалық болды. Камера алдында талай қуаныштың куәсі болған телеоператор бүгін өзі де қуанышқа кенелді. Жаңа баспананың кілтін алған әріптес үшін бұл күн ұмытылмас сәттердің біріне айналары анық."