#qyzylordatv
Мемлекеттік қызметшілер балаларымен бірге отбасылық эстафетаға қатысты. «Салауатты отбасы - мемлекеттің берік тірегі» атты жарыста 8 жанұя бақ сынады.
Сайыстың мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жарыс ережесіне сәйкес қатысушылар түрлі кедергілер арасымен жылдамдыққа жүгіріп, мықтыны анықтады. Тартысты дода қорытындысы бойынша бірінші орынды Шиелі ауданынан келген Файзуллаевтар отбасы жеңіп алды. Қазалылық Аралбаевтар отбасы екінші орынға ие болса, үшінші орынды Арал ауданынан келген Сәдуақасовтар мен Жалағаштан Нұрсейітовтер отбасы теңдей бөлісті. Жарыс соңында барлық қатысушыларға алғыс хат пен кубок және естелік сыйлықтар табысталды. Осылайша сайысқа қатысушылар бой сергітіп қана қоймай, ұйымшылдығын көрсетті.