Негізгі Жаңалықтар Жол-көлік оқиғасынан кейінгі сақтандыру төлемдері банк аударымдары арқылы жүзеге асады

Жол-көлік оқиғасынан кейінгі сақтандыру төлемдері банк аударымдары арқылы жүзеге асады

#qyzylordatv 

21 қазаннан бастап Қазақстанда жол-көлік оқиғасынан кейінгі сақтандыру төлемдері тек зардап шеккен адамның банк шотына аударылады. Енді сақтандыру компаниясының кеңсесінде өтемақыны қолма-қол ақшалай алуға мүмкіндік болмайды.


 Қазіргі уақытта көлік иелері екі нұсқаның бірін таңдай алады: төлемді банктік аударым арқылы алу немесе сақтандыру компаниясының кеңсесінде қолма-қол ақшамен алу. 21 қазаннан бастап тек қолма-қол ақшасыз төлем жасау мүмкіндігі ғана қолжетімді болады.

Қаражатты аударуға және есепшотқа түсіруге байланысты барлық шығынды сақтандыру компаниясы өз мойнына алады. Алушы тиесілі соманы толық көлемде, ешқандай банктік комиссиясыз ала алады. Бұл жаңа тәртіп сақтандыру төлемдердің ашықтығын арттыру және сақтандыру нарығының цифрлық қызметтерге көшуін одан әрі дамыту мақсатында енгізіліп отыр.


Бөлісу