Негізгі Жаңалықтар Жыл басынан бері 21 адам суға батып кетті

Жыл басынан бері 21 адам суға батып кетті

#qyzylordatv 

Жыл басынан бері облыстағы су айдындарында жиырма бір адам, оның ішінде сегіз бала қаза тапты. Өткен жылы 25 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Қайғылы оқиғалар саны азайғанымен, судағы қауіпсіздік мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Әсіресе, шомылу маусымы аяқталғанына қарамастан, тұрғындардың демалу және балық аулау үшін су айдындарына баруы алаңдаушылық тудыруда.


 Жазғы шомылу маусымы 31 тамызда аяқталды. Дегенмен, маусымның аяқталуы қауіп-қатердің сейілгенін білдірмейді. Жылы ауа райы тұрғындарды әлі де су айдындарын маңайлауға мәжбүр етіп отыр. Сонымен қатар өңірде балық аулайтындар саны артып келеді. Осыған байланысты, аймақта 1-15 қыркүйек аралығында су айдындарында күнделікті бақылау жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылар, полиция қызметкерлері және жергілікті билік өкілдері рейдке шығып, халық арасында түсіндірме жүргізуде. Жыл басынан бері 538 рейд өткізіліп, шамамен 18 000 тұрғынды қамтыған. Оқиғаларға талдау барысында қайғылы жағдайлардың басым бөлігі шомылуға арналмаған орындарда болғанын алғанын көрсетеді. Сонымен қатар, адам өліміне әкелген жағдайлар халық көп баратын демалыс орындарында, атап айтқанда, Қамбаш көлі мен облыс орталығындағы жүзу бассейнінде де тіркелді.


Бөлісу