Негізгі Жаңалықтар Түркі елдері кәсіподақтарының футзал турнирі басталды

Түркі елдері кәсіподақтарының футзал турнирі басталды

#qyzylordatv 

 Астанада Түркі мемлекеттерінің кәсіподақтар ұйымы ұйымдастырған алғашқы халықаралық футзал турнирі басталды. 


 Спорт алаңында Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның кәсіподақ командалары өзара мықтыны анықтайды. Халықаралық дода – кәсіподақтар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайтудың жаңа алаңы. Елордада алғаш рет жалауы көтерілген турнир енді жыл сайын ұйымға мүше мемлекеттердің бірінде дәстүрлі түрде өтпек. 


САТЫБАЛДЫ ДӘУЛЕТАЛИН ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

 Біз тек қана келіссөзде, болмаса еңбек адамының құқығын қорғау, оның мүддесін алға бастыру жолында ғана жұмыс істемей осы спорт алаңында достықтың куәсі достықтың негізі ретінде кездесіп осы жарысты бірінші рет өткізейін деп отырмыз. Осы додадан кейін біздің командалар, біздің ойыншылар, біздің кәсібодақ мүшелері, ең бастысы еңбек адамы бір біріне деген құрметін одан сайын арттырып, одан сайын жетіле береміз деп ойлаймын

Бөлісу