Жазасын өтеушілерге арналған пилоттық жоба жүзеге асуда
#qyzylordatv
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аймақта жазасын өтеушілерді еңбек арқылы қайта әлеуметтендіруге бағытталған пилоттық жоба жүзеге асуда. Бүгінде облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №37 мекемесінде жазасын өтеп жүрген 60-қа жуық адам 3 жеке кәсіпкерлік нысанда жұмыс істеп жатыр.
Пилоттық жоба аясында жазасын өтеушілер жұмыс істеп, еңбекақы алады. Келтірілген зиянды өтеп, сот міндеттемелерін орындайды. Тұрақты табыс пен нақты жұмыс кестесінің болуы олардың нақты бір мамандыққа бейімделуіне мүмкіндік береді. Айталық, олардың 30-ға жуығы құрылыс материалын жасайтын нысанда еңбек етіп жүр. Бұл кәсіпкерлік нысан 10 жылдан бері №37 мекемемен бірлесіп жұмыс істеп келеді. Мұнда жазасын өтеушілер күніне 1000-1500 кірпіш құяды.
САПАРҒАЛИ ОҢАЛБАЕВ – «УНАЛБАЕВ» ЖК ДИРЕКТОРЫ
Жұмыс орнымызда 29 адам жұмыс істейді. Жұмыспен толық қамтылған. Шлакаблок құяды, спец техникаларды жөндейді. Мына ангарларды да солар істеп жатыр сотталған жігіттер. Біздің мақсатымыз осыларды гражданский өмірге барған кезде маман болып шықса. Өздері де айтады, барғаннан кейін шлакаблок құямыз, отдельно ашамыз деген сияқты өздерінің пландарын айтып жатады.
Жұмысшылар 3 мезгіл тамақпен, жатын орынмен, киім-кешекпен қамтамасыз етілген. Жазасын өтеушілерді жұмыспен қамтып отырған нысанның бірі – «Далатекс» тігін фабрикасы. Цехта түрлі сала мамандарына арналған арнайы киімдерді әзірлейді.
НҰРГҮЛ ҚОСАЕВА – «DALATEX» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Біз негізі 2025 жылдан бастап Қызылорда қаласында орналасқан түзету мекемесіндегі жазасын өтеушілерді жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз. Екеуі бар, №60 мекеме ол жақта 50-ге жуық жұмысшы бар, олар сол түзету мекемесінің ішінде арнайы цех ашып қойдық. Қазіргі уақытта жаңа ғимарат беріліп, сол ғимаратқа көшеді. Ол жақта 2 цех жұмыс істеп тұр. Ал №37 мекемеден 20-ға жуық жазасын өтеушілер біздің фабрикаға орналастырылып, жұмыс жасап жатыр. 4.27 Бұл кісілермен еңбек шарты жасалады. Еңбек порталына тіркеледі, ресми жұмысшы ретінде. Жазасын шығып кеткенше жұмс істеуге құқықтары бар.
БАУЫРЖАН СӘМЕТОВ – №37 МЕКЕМЕСІНІҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
Яғни жазасын өтеушілер осы пилоттық жоба аясында мемлекетімізге 50 млнға жуық қаражат үнемделеді. Осыған сәйкес 3 жеке кәсіпкерлікте жатын орынмен, тұрақты айлықпен, 3 мезгіл тамақпен толық қамтамасыз етілген. Коммуналдық және тұрмыстық жағдайлары толығымен қамтамасыз етілген. Тұрақты айлық алу мақсатында қылмыспен келтірілген залалдың орнын толтыру жөнінде жұмыстар атқарылады. +1.15 Атқарылып жатқан жұмыстар аясында мекеме және ҚАЖД тарапынан тұрақты түрде жазасын өтеушілерге бақылау мен қадағалау жүзеге асырылуда. Барлық жатын бөлмелерінде, ортақ пайдаланатын үй-жайларында бейнебақылау жүйелері қамтамасыз етілген.
Кәсіпорында жазасын өтеушілер алдымен тігін тігуді, арнайы құрылғымен жұмыс істеуді үйренеді. Сондай-ақ фабрикада оларға осы кәсіпті оқып, үйренгенін растайтын сертификат та табысталады.
ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ
Айлық көрсеткіштеріміз жақсы. Айлығымыз уақытылы. Отбасымызға, бала-шағымызға жіберіп жатырмыз. Келгенімізге 2 ай болды. Мамандар келіп, өздері үйретіп, біздерге қолғабыс қылып жатыр. Тірлігіміз оңай. Болашақта да Құдай қаласа осындай бір кәсіппенен, кішігірім жұмыстармен айналыссақ па деген ниеттеріміз бар.
Фабрикада осы салаға бейімделіп, тәжірибе жинақтаған олар жазасын өтеп болғаннан кейін де еңбек ете алады. Айта кету керек, мұндағы 20-ға жуық жазасын өтеуші 3 мезгіл тамақпен қамтылған, фабрикадағы арнайы бөлмелерде тұрады.