Негізгі Жаңалықтар Жаңашыл педагог – заман талабы

Жаңашыл педагог – заман талабы

#qyzylordatv 

Бүгінде білім саласына соны серпін әкеліп, озық тәжірибесімен бөлісетін креативті педагогтердің қатары көбейіп келеді. «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» республикалық байқауының өңірлік кезеңінде мұғалімдер өздерінің кәсіби шеберлігін көрсетіп, жаңа әдістемелік тәжірибелерін ортаға салды.


 Ұстаздың шығармашылық әлеуетін арттыратын бұл байқау 2018 жылдан бері үзбей өткізіліп келеді. Негізгі мақсаты - оқушының танымын кеңейтетін идеяларды анықтап, үздік мұғалімнің озық ісін көпке өнеге ету. Байқау негізгі жеті бағытты қамтиды. Олар – оқу, математикалық, жаратылыстану-ғылыми, цифрлық технология, қаржы, экология және мәдениетаралық сауаттылық. Ал биылдың басты жаңалығы – шетелдік қатысушылар үшін «Жаһандық құзыреттер» бағыты қосылып, байқау ауқымы кеңейе түсті.


ЖАНАТ НҰРЛЫБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІБИ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

«Педагогикалық панорамалар идеясы» республикалық байқауына 15 мыңнан астам педагог қатысты республика деңгейінде. Ал Қызылорда облысы бойынша 800-ден астам жұмыс келіп түсті. Осы 800-ден астам өңірден қатысқан жұмыстан 42 педагогтың жұмысы өңірлік байқаудың жеңімпазы аталды. 


 Педагогтердің біліктілікті арттыру курстарында меңгерген дағдылары мен тәжірибесі олардың идеяларын жетілдіріп, байқауға қатысуына негіз болды. «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсы екі кезеңнен тұрады. Өңірлік кезеңде ұстаздар өздерінің озық тәжірибесін таныстырса, республикалық кезеңде аймақтан үздік шыққан бірінші дәрежелі диплом иегерлері бақ сынамақ.


 ГҮЛЗАТ ШЫНТАСОВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ 

Бұл байқауды жыл сайын өткізеді. Мен осымен бірнеше рет қатыстым және биыл жүлдері орынға ие болып тұрмын. Бұл мен үшін үлкен қуаныш. Өйткені республикалық деңгейде осы Қызылорданың намысын қорғайтын боламыз. +00: 35 Байқау туралы әлеуметтік желілерде жариялай бастағаннан өзім қатысуды жөн көрдім. Менің авторлық құралым ой сандық деп аталады. Оқу –сауаттылығын қалыптастыруға негізделген. Бұл байқаудыңда мақсаты сол оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру. Сол себепті өзімнің авторлық құралым осы байқаудың талаптарына сай келеді деп жұмысымды ұсынған болатынмын. +Бұл жердегі педагогтар тек қана жұмыстарын ұсынып қана қоймайды, оны республика көлемінде таратуға үлкен мүмкіндік алады. 


 ДИАС ЖАЛҒАСБАЙ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ 

Өрлеу арқылы осындай сайыс болатынын біліп , курсқа қатысыңыз деп ұсыныс берді. Сол курс арқылы Мәдениетаралық сауаттылық дейтін конкурсына қатыстым. Менің алған тақырыбым Инновациялық логопедия болды. Бұл логопедтердің арасындағы керекті жағдай деп есептеймін. Себебі, қазіргі логопедтерге жаңашыл идея енгізілмей жатыр. 


 Аймақ үздіктерінің тың идеялары енді республикалық деңгейде сарапқа түседі. Бұл – ұстаздардың шеберлігін шыңдап, озық тәжірибесін елге өнеге ететін таптырмас мүмкіндік.

Бөлісу