Жасыл алаңдағы ерекше жаттығу
#qyzylordatv
«Футбол барлығына қолжетімді». «Қайсар Арена» стадионында осындай тақырыпта спорттық шеберлік сағаты өтті. «Қайсар» футбол клубының ойыншылары жасыл алаңда мүгедектігі бар балалармен бірге доп теуіп, жаттығу жасады.
Қызылордалық аяқдопшылар жиырмаға жуық балаға шынайы сезім, шат күлкі, үлкен қуаныш сыйлады. Ерекше топтағы ұл-қыздар кәсіби футболшылармен бірге жасыл алаңда доп теуіп, қақпаға гол салып, тамаша әсер алды. Бір сәттік қуаныш балалардың өміріне елеулі өзгеріс әкелетіні сөзсіз. Сондықтан мұндай шараларды жиі өткізіп тұрамыз,-дейді ұйымдастырушылар. Кеш барысында кішкентайларға сыйлықтар үлестірілді және аниматорлар қызықты ойындар өткізді.