ҰҚК: Аудандық сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды
#qyzylordatv
«Қазалы аудандық сотының төрағасы Әбдіқалықов пен судья Бертайға қатысты сот үкімі шығарылып, оларға 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», деп хабарлады Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің баспасөз қызметі. Және ұстау сәтінің кадрларын жариялады.
Биыл қаңтарда лауазым иелерін комитет қызметкерлері ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша ұстаған.Сотталушылар Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында және 366-бабы 3-бөлігінің 2, 4-тармақтарында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.