Негізгі Жаңалықтар Алаяққа алданып, опық жемеңіз!

Алаяққа алданып, опық жемеңіз!

#qyzylordatv 

Алаяқтарға делдал боламын деп опық жемеңіз! Прокурорлар мектеп оқушылары және студенттермен кездесу өткізіп, олардың банк картасын немесе шоттарын бейтаныс адамдарға берудің салдарын түсіндіруде. Дропперлердің жастарға көңіл бөлуі де кездейсоқ емес. Статистикалық деректерге сүйенсек, елімізде дәл осы санаттағы деректердің едәуір бөлігі 18 бен 24 жас аралығындағы жастармен байланысты жасалған. Өңірде Қылмыстық кодекстің жаңа бабы бойынша алғашқы үкімдер де шығарылған.


 Жылдам ақша табу ниеті қылмыстық қудалауға әкелуі мүмкін. Есірткі саудасы үшін сотталғандар ақшалай өтемақы алу үшін банк карталары мен шоттарын бейтаныс адамдарға беріп, кейін оларды алаяқтық әрекеттерге пайдаланған. Мұндай әрекеттер үшін жаза қылмыстың ауырлығына байланысты, айыппұлдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін прокурорлар жас буынмен кездесіп, түсіндірме жүргізуде. Бейтаныс адамдар ақша ұсынып, банк картасын, шот деректемелерін немесе мобильді банкингті бір сәт қолдануды сұрайды. Мұндай мәселеде рұқсат бермеу керек. Қылмыстық жауапкершіліктен бір жағдайда ғана құтылуға болады: егер азамат заңсыз схемаға барғанын тез түсінсе, бұл туралы құзырлы органдарға өз еркімен хабарлап, қылмысты ашуда тергеуге белсенді түрде көмектесуі керек. 


Бөлісу