«Болашақ» бағдарламасының түлектері көшпелі медициналық қабылдау өткізді
#qyzylordatv
«Болашақ» бағдарламасының түлектері Шиелі ауданында көшпелі медициналық қабылдау өткізіп, тұрғындарға тегін дәрігерлік кеңес берді. Оқушылармен кездесіп, мамандық таңдау, ағылшын тілін меңгеру және шетелде білім алудың мүмкіндіктерін түсіндірді. Атап өту керек, «Болашақ» қауымдастығы қолға алған «Біліміміз – Елімізге» жобасы еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылуда.