Негізгі Жаңалықтар Жүргізуші 15 тәуілікке қамалды

Жүргізуші 15 тәуілікке қамалды

#qyzylordatv 

Қауіпті маневр жасап, авариялық жағдай туғызған жүргізуші ұсталды. Ол заңбұзушылықты масаң күйде жасағаны белгілі болды.


Жол ережесін өрескел бұзған жүргізушінің мына әркеттері бейнебақылауға түсіп қалған. Тәртіп сақшылары бұл бойынша дереу әрекет етіп, құқық бұзушыны анықтады. Тексеру барысында оның көлік құралын масаң күйде басқарғаны белгілі болды. 21 жастағы жүргізушіге қатысты авариялық ахуал тудырып көлік басқарғаны және бағдаршамның қызыл түсіне өткені үшін хаттамалар рәсімделді. Сондай-ақ, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Бөлісу