Негізгі Жаңалықтар Облыс әкімі жол-көлік инфрақұрылымын дамыту барысымен танысты

Облыс әкімі жол-көлік инфрақұрылымын дамыту барысымен танысты

#qyzylordatv 

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев көлік инфрақұрылымын дамыту және автомобиль жолдарының сапасын арттыру бағытындағы жұмыстармен танысты. «Жұмысқа қойылатын басты талап жолдың сапалы болуы және құрылыстың уақытылы аяқталуы»,- деді аймақ басшысы. Осы орайда жауапты сала басшыларынан жөндеу жұмыстарын үнемі тексеріп, кемшілікке жол бермеу қатаң сұралады.


 Облыс әкімі алдымен «Қызылорда-Ақтөбе» бағытындағы айналма жолдың құрылыс алаңына барды. Айналма жолдың ұзындығы 25,8 шақырым, келісім шарт құны 39,5 млрд теңгені құрайды. Ислам даму банкі есебінен қаржыландырылуда. Бас мердігер «Қыран», ал жобалаушы «Семдорпроект» серіктестіктері. Аталған жобаны іске асыру мерзімі – 2026-2029 жылдар. Қазір құрылысқа 150 жұмысшы мен 85 арнайы техника жұмылдырылған.

Мұнан кейін, Мұрат Ергешбаев «Қызылорда-Сексеуіл» автомобиль жолының құрылысымен танысты. Аталған жолдың 130,8 шақырымын қамтитын жобаның құны 242,3 млрд теңге. Қаржыландыру көзі Ислам даму банкі болса, мердігері «Integra Construction KZ», қосалқы мердігері «Элит Строй Комплект» серіктестіктері. 2026-2029 жылдар аралығында іске асады. Аталған жобалар өңірдегі жол-көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға, көлік қозғалысы қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттыруға, транзиттік бағыттардың өткізу қабілетін жақсартуға мүмкіндік береді.  

Бөлісу