Көмір қоры бақылауда
#qyzylordatv
Аймақта кешеден бастап жылу беріле бастады. Әзірге орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 490 тұрғын үй мен 57 әлеуметтік нысанға жылу барып тұр. Ал, қалған ғимараттарға кезең-кезеңімен берілетін болады. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте айтылды. Басқосуда мемлекеттік басқаруды цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын дамыту жайы да сөз болды.
Өңір әкімдері жылу беру маусымының өту барысын бақылауда ұстауы тиіс. Үкімет отырысында Олжас Бектенов өңірлік штабтардың жұмысын қайта жандандырып, энергия көздері мен жылу желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды. Біздің өңірімізде кешеден бастап орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған нысандарға жылу беріле бастады. Бұл жұмыстар бекітілген кестеге сай жүзеге асырылып жатыр.
МЕДЕТ УСАИН – ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ Қызылорда жылу электр орталығында бірінші мен үшінші газ турбиналық қондырғы арқылы жұмыс жасап, жылуды беріп жатырмыз. Оңтүстік бу қазандығында 5 пен 7-ші қазандықпен жылуды беріп жатырқ. Және қалада жалпы 17 автономды блокты-модульдік қазандықтары қосылды. Толық жұмыс беріліп тұр. және Қазалы аудан, Әйтеке би кентінде 2 қазандық жұмыс жасап тұр.
Жоспар бойынша биылғы жылу беру маусымында 80 мың тонна көмір қажет. Әзірге оның 48 пайызы ғана жеткізілген.
МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ
Арал ауданында жоспар бойынша 9 жарым мың тонна қажет етеді екен. Қазіргі таңда 3 ақ мың тонна жеткізілді. 32 пайыз. Қазалы ауданында да сондай. 30 ақ пайызы келіпті. Шиелі ауданында 13 мың тонна қажет етеді. 4 мың тонна келген екен. 32 пайыз. Жаңақорған ауданында 9,9 қажет етеді. 3,2 тонна жеткізілген нақты. Ол да 32 пайыз мына жұмыстарыңыз өте төмен. Сондықтан мерзімді қойыңыздар да аталған 4 аудан нақты көмірмен қамтамасыз етіңіздер.