Қазақстан мен Ресей 124 жобаны іске асырды
#qyzylordatv
Қазақстан мен Ресей күн тәртібіндегі 178 ортақ жобаның 124-ін іске асырды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Кремльде Владимир Путинмен кездесу кезінде мәлімдеді. Мемлекет басшысының айтуынша, екі елдің тауар айналымы 30 миллиард долларға жақындап келеді. Келіссөз барысында жасанды интеллект саласындағы әріптестік мәселесі де сөз болды.