Халық Кеңесінің мүшелері мен салалық министрлік өкілдері тұрғындарды қабылдады
#qyzylordatv
Қазақстан Халық Кеңесінің «Халыққа жақын» жобасы аясында құрылған мобильді топ Қазалы, Қармақшы аудандарында болды. Халық кеңесі мүшелері мен салалық министрлік өкілдері тұрғындармен кездесіп, ұсыныс, тілектерін тыңдады. Азаматтарға мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетіп, оқыту курстарын жүргізді.