Кезінде тай-құлындай тебісіп, қатар өскен №94 орта мектептің 1978 жылғы түлектері бұл. Араға қырық жыл салып, еліміздің түкпір-түкпірінен ауылға  жиылды. Білім ордасында бас қосып, соңғы қоңыраудың сыңғырын қайта естіді. Сыныптастардың әлі күнге дейін әзіл-қалжыңы жарасып, сыйластығы ажырамаған. Туған жерге сағынышпен жеткен 40 жылдық түлектер бір сәтке партаға отырып, жастық шақты тебіреніспен еске алып, ұстаздарына деген сығынышын әнмен жеткізді.

интершум /ұстазым әні/

Сол кезеңде ауыл балаларын білім нәрімен сусындатқан ұстаздардың қатары сиреп, бүгінде көзі тірі екі-үш ардагер мұғалім қалған. Солардың бірі, Фаина Махамбетқызы. 1970 жылдары еңбек жолын дәл осы Жаңқожа батыр ауылындағы мектептен бастаған педагог қазір жетпістің үстінде. Талай шәкіртті қанаттандырған Фаина апай оқушыларымыз қанша есейсе де, ұстаздың алдында мәңгі бала болып қалады дейді.

Фаина Маханбетқызы – ардагер ұстаз

Ауылдың 1978 жылғы түлектері туған жерге тарту ретінде мектеп ауласынан алғашқы әскери дайындық пәніне арналған заманауи оқу-жаттығу алаңын салып берді. Батырдың есімі берілген елді мекеннен еліміздің жас Отан қорғаушылары тәрбиеленуі заңдылық. Енді оқушылар білім ордасының қабырғасынан-ақ әскери өмірге бейімделіп шықпақ.

 Алмат Аралбаев - №94 орта мектептің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі

Осыдан қырық жыл бұрын үлкен өмірге қанат қаққан түлектер қазір еліміздің әр аймағында, сан салада табысты еңбек етуде. Бірі қаржыгер, бірі кәсіпкер, енді бірі аяулы ұстаз. Қай-қайсысы болмасын ауылдың мақтанышы. Солардың қатарында Сыр өңіріне белгілі журналист Жұмабек Табынбаев та бар. Бірнеше кітаптың авторы, қарымды қаламгер бүгінде облыстық «Сыр бойы» газетінің Арал, Қазалы аудандары бойынша меншікті тілшісі.

Жұмабек Табынбаев - №94 орта мектептің 1978 жылғы түлегі, журналист

№94 орта мектептің 1978 жылғы түлегі

Салтанатты шара барысында аға буын өкілдері биылғы мектеп бітіруші жас түлектерге өмірлік ақыл-кеңестерін айтып, ақ жол тіледі. Мұнан соң, 40 жылдық түлектердің мерекелік кеші ауыл клубында жалғасты. Мәдениет үйіне соңғы үлгідегі музыкалық аспаптар сыйға табысталып, елді мекен өнерпаздарына тамаша тарту жасалды. Ұстаздар қауымы мен ауыл тұрғындарына концерттік бағдарлама қойылып, ән мен жырдан шашу шашылды.

интершум /клубта мектебім әнінен интершум/

Жалпы Жаңқожа батыр ауылында ұрпақтар сабақтастығы жалғасып, әр жылдары бітірген түлектер өз ауылына, алтын ұя мектебіне деген қамқорлық көрсетуі игі дәстүрге айналған. Мұның өзі, Елбасының «Туған жерге тағзым» бағдарламасының айқын көрінісі десе болады.

Ә.Жақанов