Тұғырдағы ұлттық айшықты таңбалар кез-келген елін сүйген азаматтың намысын көтеріп, рухын асқақтататады. Рәміздер алаңына жиналған қауым осындай сезіммен Әнұранды бірге шырқады. Рәміздер алаңының жалпы аумағы 8 мың шаршы метр. Облыстық бюджеттен бөлінген 174 миллион теңгеге салынды. Алаңға 120 түп шырша талы отырғызылды, жарық шамдары орнатылды. Яғни, бұл жер аудан тұрғындарының рухани байлықпен сусындап, патриоттық тәрбие алатын орнына айналмақ.Аудан жұртшылығының қуанышына облыстық мәслихат хатшысы ортақтасты.
Наурызбай Байқадамов – облыстық мәслихат хатшысы
Әнес Әуезов – Арал ауданының құрметті азаматы
Көк аспанда желбіреген көк байрақ еңсесі биік елдің әлеуетін танытса, Тәуелсіздіктің тұғырын айшықтайтын елтаңба мен әнұран халқымыздың егемендігінің белгісі. Жиында сөз алғандар айшықты символдардың тарихына тоқталып, оның қасиеті мен қадірі турасында әңгіме өрбітті.
Қалия Дәулетова - №2 облыстық санаториялық мектеп-интернатының директоры
Мемлекеттік рәміздер - тыныштық пен достықтың мызғымас тірегі. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған елдіктің символы – мемлекеттік рәміздерді қадірлеу, қастерлеу және биік ұстау - борышымыз.
Тәжімұрат Әлжанов