Тілші: 17 жастағы Әбілпәсімнің математикалық теңдеуі жуырда Алматыда өткен халықаралық интеллектуалдық байқауда үздік деп танылып, ғалымдардың таңданысын туғызған. Білім сайысында 400-ге жуық жас математиктің арасынан дара шыққан қызылордалық өреннің бұл еңбегі математика іліміне тағы бір жаңа формула енгізіп отыр. Ғылыми жобаны зерттеуге бір жыл уақыт жұмсадым дейді ол.

Әбілпәсім Ләтіш – НЗМ оқушысы, жас математик

Тілші: Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы әлемге әйгілі итальяндық ғалым Галилео Галилейдің 17 ғасырда енгізген циклоида формуласының жаңа моделін шығарып, оны ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Ол үшін Әбілпәсім замануи «Геогебра» динамикалық математикалық бағдарламасын пайдаланып, өз ойын тәжірибеде жүзеге асырды.

Сәкен Сүлейменов – НЗМ мұғалімі, ғылыми жетекшісі

Тілші: Ізденімпаз жас алдағы уақытта математикада ғана емес, астрономия мен физика ғылымдарын да тереңінен зерттеуді мақсат етіп отыр.

Ә.Жақанов, Н.Нұрмахан