#qyzylordatv

Техника ғылымдарының докторы, профессор Серікбай Қошқаров 80 жасқа толды. Осыған орай, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде Ғылыми Кеңестің кезектен тыс мәжілісі өтті. Онда саналы ғұмырын білім мен ғылым саласына арнаған қабырғалы қайраткердің еткен еңбегі дәріптелді.

Өңір үшін су шаруашылығы қашанда өзекті. Аймақтағы суармалы жерлерді тиімді пайдалану, экологиялық жағдайды жақсарту, су үнемдеу технологияларын өндіріске енгізу бағытында зерттеу жүргізген ғалымдар санаулы ғана. Солардың бірі – Серікбай Қошқаров.

ҚЫЛЫШБАЙ БИСЕНОВ - ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ / Қарап отырсақ, 65 жыл ғұмырын С.Иманбайұлы білімге, ғылымға, тәрбиеге арнаған. Соның барлығы өзінің бойындағы асыл қасиеті, бойындағы тектілігі, білімге деген қабілеті. / Күріштің атызын өзі аралап жүріп, ғылыми жұмыс жасап, Мәскеудің аспирантурасында оқып, кандидаттың қорғау екінің біріне қолынан келе бермейтін.

 Серікбай Қошқаров жүргізген ғылыми-зерттеулердің маңызы зор. 100-ден астам ғылыми еңбек, бірнеше монография мен оқулықтар үздіксіз ізденістеріңіздің айғағы бола алады. Қабырғалы қайраткер Ұлттық ғылым академиясының академигі Рау Алексейден тәлім алып, тәжірибе жинады. Соның арқасында мыңдаған шәкірттің шамын жағып, ұстаздық дейтін ұлы міндетті абыроймен атқарды.

СЕРІКБАЙ ҚОШҚАРОВ - ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР / мен өте бақыттымын. 20 жасымда осы кісінің дәрісін естігенмін мен. Менің осы шәкірттерім мені сынауға жетіп қалды. Менің осы шәкірттерімнің пікірі маған берілген баға деп есептеймін.

Мерейлі мезетте Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің білім беру және оқу-әдістемелік қызметін, ғылыми және кадрлық әлеуетін, материалдық-техникалық базасын нығайту ісіне қосқан үлесі үшін құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, ұлағатты ұстаздың тәлімін алған шәкірттері жылы лебізін білдіріп, ақжарма тілегін жеткізді.