#qyzylordatv
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Ұлттық музей басшысы Берік Әбдіғалиұлымен кездесті. Онда өңіріміздің руханияты мен мәдениет саласында атқарылып жатқан ауқымды жобалар сөз болды. Қазір өңірдегі бірқатар ауданда "Руханият орталықтары" салынып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде, музейлердің қор бөлімдері талапқа сай жасақталып, 20 мыңға дейін экспонат сақтауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, 200 мыңға дейін, яғни алдағы 40 жылға құжат сақтауға жол ашылды.
Бұдан бөлек, сол жағалаудан құны 2 млрд. 700 млн теңге болатын облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимараты бой көтерді. Өткен жылдар бедерінде ғылыми негіздемелерге сүйеніп, бюджет қаражаты есебінен алтын киімді «Шірік Рабат сақ жауынгері», алтын әшекейлі «Сығанақ ханшайымы», алтын қылышты «Түгіскен көсемі» және «Жетіасар ақсүйек әйелі» тарихи реконструкциялары жасалып, музей қоры құнды экспонаттармен толықты.
Басқосуда Берік Әбдіғалиұлы өңірлер арасындағы мәдени-рухани байланысты арттыру, тәжірибе алмасу ұлт руханиятына зор үлес қосатынын жеткізіп, бірқатар ұсынысын ортаға салды.