Тілші: Қыстың қытымыр аязы мен шілденің шіліңгір ыстығында да , күн-түн деп уақытпен санаспай, шойын жолдың бойында тынымсыз тірлік ететін жолшылардың еңбегі орасан. «Жол жөндеуші» компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы, яғни Батыс дирекциясында бүгінде жетпістен астам қызметкер бар. Олардың негізгі міндеті шойын жолдарға күрделі жөндеу жүргізіп, мыңдаған жолаушы мен тонналаған жүктің діттеген жеріне қауіпсіз жетуін қамтамасыз ету.
Бәйтелі Ахметов - «Жол жөндеуші» компаниясы ЖШС филиалы «Батыс» дирекциясы базасының бастығы
Тілші: Бәйтелі Ахметов қырық жылға жуық уақытын осы салаға арнаған білікті маман. Алғаш «Жол жөндеуші» компаниясының іргетасын қалағандардың бірі. Міне, содан бері механик, шебер, инженер-технолог болып, бүгінде база бастығына дейін көтерілді. Сондай-ақ оның жары Нәзира Ахметова да теміржол саласының ардагері. №60 «Қазалы жол аралығы» мекемесінде ұзақ жылдар іс жүргізуші болып, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отыр.
Нәзира Ахметова - теміржол саласының ардагері
Тілші: Қазалы теміржолының тарихы сонау 1903 жылы Орынбор-Ташкент теміржол құрылысының салынуынан басталады. Экономиканың күретамыры саналатын бұл салада бүгінде мыңға жуық адам тұрақты жұмыс істейді. Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудан басшысы темірдей тәртіпке бағынған теміржолшыларды құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.
Нәжмадин Шамұратов-Қазалы ауданының әкімі
Тілші: Шара барысында көлік саласының майталман мамандары облыс, аудан әкімдерінің алғыс хаты және Қазалы ауданының құрмет грамотасымен марапатталды.
Гүлнар Рахметәлиева- «ҚызылордаТрансТелеком» АТЭС механигі
Жеңіс Асанов – Қызылорда локомотив депосының машинисі
Тілші: Ел мен елді жалғастырып, алысты жақын еткен көлік қызметкерлері осылайша ұлықталып, марапат биігінен көрінді. Кеш соңында аудан өнерпаздары жырдан шашу шашып, Қазалы көгін әсем әнге бөледі.
Ә.Жолтаев. А.Меңдібаев