#qyzylordatv
Премьер министр Олжас Бектенов Қызылорда облысының қаражатты тиімді пайдалану тәжірибесін республикаға үлгі ретінде қолдану керектігін айтқан болатын. Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгін облыс орталығында әлеуметтік салаға бағытталатын бюджет қаражатын тиімді пайдалану туралы республикалық семинар-кеңестің секциялық отырысы өтті. Жиынға оқу-ағарту, денсаулық сақтау, туризм және спорт, мәдениет және ақпарат вице-министрлері мен еліміздің әр өңірінен келген делегация мүшелері қатысып, тәжірибе алмасты.
Сыр өңірінде соңғы жылдары жүйелі жұмыстар қолға алынып, жаңа жобалар жүзеге асуда. Әсіресе, әлеуметтік саладағы серпін ерекше. Өскелең ұрпақтың сапалы білім алуы үшін заманауи талаптарға сай жабдықталған білім ошақтары, халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында медициналық нысандар, спорт кешендері бой көтеруде. Облыс бюджеті биыл 823 млрд. 400 млн. теңгені құраса, оның 58 пайызы әлеуметтік салаға бөлінген. Қызылорда облысы бюджет қаражатын тиімді пайдалану, үнемдеу бағытында өзге өңірлерге үлгі болып отыр. Семинарда сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
ДАНИЯР ЖАНАЛИНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ \Оңтайландыру жұмыстары соңғы үш жылдың ішінде мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында ең үлкен үлесін алып отыр....100 млрд теңгеден астам қаржы үнемдедік.. Үнемделген қаржы есебінен барлық ауданда Руханият орталығы салынды..\
Тілші: Өңірде демеушілер есебінен де бірқатар жобалар жүзеге асуда. Мәселен, үш жылдың ішінде ірі компаниялардың және кәсіпкерлердің қолдауымен 55 млрд.теңгеден астам қаржыға халыққа қажетті нысандар салынды.
Білім саласына жүргізілген мониторинг жұмыстары да өз нәтижесін берді. Мәселен, «Фейс-бақылау» мобильдік қосымшасы арқылы балалардың балабақшаға күнделікті келуі қадағаланып, кемшілік анықталды. Сонымен қатар, мектепте артық штаттық бірліктер, толық емес жүктемемен жұмыс істейтін қызметкерлер де белгілі болды.
МЕЙРАМБЕК ШЕРМАҒАНБЕТ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ \Үш жылдың көлемінде заң бұзушылықтарды анықтауға байланысты 41 млрд,теңге үнемделді. ....\
Семинар барысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова әлеуметтік салаға енгізілген өзгерістер мен жаңашылдықтарды атап өтті. Соның ішінде цифрландыру мәселесіне ерекше тоқталды. Себебі, бюджеттен бөлінген әрбір тиынның сұрауы бар. Саланы цифрландыру арқылы қаржының қайда және қалай жұмсалып жатырғанын көруге болады.