#qyzylordatv #заңментәртіп
Жаңа оқу жылында балалардың қауіпсіздігіне жіті көңіл бөлінуде. Бүгінде қала мектептерінің көбі қауіпсіздік құрылғылармен қамтамасыз етілген.
Мәселен, №3 Сералы Толыбеков атындағы айти мектеп-лицейінде турникет орнатылған. Сол арқылы қауіпсіздіктің қосымша деңгейін қамтамасыз ететін бет-әлпетті тану немесе кіру картасы жүйелері жұмыс істеп тұр. Бұл құрылғы ғимаратқа кіруді бақылауға көмектесе отырып, бөгде адамдардың ішке рұқсатсыз енуіне жол бермейді.
Ал, қаладағы Жедел басқару орталығы қоғамдық тәртіпті тәулік бойы онлайн режимде бақылап отыр. Яғни аталған орталық - қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі алдыңғы шеп. Мұнда тәртіп сақшыларынан кәсібилік пен үйлесімді іс-қимыл талап етіледі.
АБЫЛАЙ БОЛАТҰЛЫ – «102» ҚЫЗМЕТІНІҢ ОПЕРАТОРЫ / жедел басқару орталығында 64 мектепте 1820 бейнекамера орналасқан. Қай жерде не болғанын, қай бала не істеп жатқанын түкпір түкпіріне дейін көруге болады.
ӘЗИЗБЕК ІЗІМБЕТОВ - ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ / білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Қызылорда облысында нақты жұмыстар атқарылды. Соңғы 23-24 ші жылы 902 млн ақша бөлінсе, биыл бұл мақсатқа 1 де 3 млрд қаржы бөлінді. Нәтижесімен білім беру ұйымдарындағы бейнебақылау, турникет, дабыл түймесі, лицензияланған күзет, барлығы 100 пайыз қамтамасыз етілді.