#qyzylordatv
Мал жайылымдары мен далалық жерлерде, егіс алқаптарында еңбек ететін адамдар кенеден сақ болғаны жөн. Әсіресе күріш ору науқаны кезінде сақтық шараларын естен шығармаған абзал. Мамандар осылай деп отыр. Аймағымызда жыл басынан бері 1205 адам кене шағып алғаннан кейін медициналық көмекке жүгінген. Соның ішінде екі адамнан Конго-Қырым қанды безгегі анықталды.
ӘЛИЯ ӘБДІҚАЙЫМОВА – ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ // Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 32 апта ма, 32 аптасында 1138 адам кене шағып медициналық көмекке жүгінсе, биыл осы уақытта 1205 адам тіркелді. Кішкене өсім, бар... Қазір кенелердің жұмыртқалайтын кезеңі. Топырақтың астына көміп кетеді. Далалық жұмыстарды істеп жатқан адам кененің жұмыртқасымен контакт болса ол да ауруға әкеледі//
Мамандар кене энцефалитінің табиғи ошақтары мен қолайсыз деп танылған аумақтарда залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады. Жалпы, аймақта аса қауіпті инфекциялық және паразиттік ауруларға қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
ӘЛИЯ ӘБДІҚАЙЫМОВА – ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ //Оброботка жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында аяқталды. Енді Жалағаш, Сырдария аудандары, сосын Шиелі, Жаңақорған жақта жасалады. Әр ауданда жұмысшы топ құрылған. Залалсыздандыру жұмыстиары аяқталған соң энтомолог мамандар тексереді//