#qyzylordatv
Облыс бойынша білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы мемлекеттік бақылау бағытында жасалған жұмыстарымен бөлісті. Білім саласындағы заңнамалардың сақталуына жасалған бақылау нәтижесі туралы тілшіміз тарқатсын.
Құзырлы департамент 8 ай ішінде 157 мемлекеттік бақылау шарасын өткізген. 97 мектепке дейінгі білім беру ұйымында аттестаттау жүргізіліп, одан 17-сі ғана өтіп, 79-аттестатталмапты, 8 жеке меншік балабақша жабылған. Ал, мектептер бойынша аттестаттау 48 білім ошағында жүргізілген, оның 4-еуінде оқушылар тестілеуден өте алмаған.
Білім сапасымен қатар, тәртібі әлсіз білім ошақтары да басты назарда. Ашу-эмоциясына ие бола алмаған облыс орталығындағы бір мектеп директорына әкімшілік айыппұл салынды дейді спикер.
Айта кетейік, жеке мектептерге аттестаттау қазан-қараша айларына жоспарланған. Бүгінгі таңда жекеменшік мектептердің біраз бөлігі жалға алынған ғимараттарда отыр. Бұл әрине, тиісті талаптарға сәйкес бола бермейтіндіктен алдағы уақытта салалық министрлік лицензиялық талапқа өзгеріс енгізіп, жалдамалы ғимараттарда мектеп ашуға тиым салуды жоспарлауда. Бұл әлбетте, бірінші кезекте балалардың қауіпсіздігі үшін қажет.