#qyzylordatv
Әрбір қазақстандық өз құқығының үстемдік еткенін қаласа, бірінші кезекте Конституцияны білуі керек. Осы орайда тілшіміз Мақсат Кәрібай қызылордалықтарды сөзге тартып,мемлекеттің негізгі заңы туралы пікірлерін білді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Әрқайсымыз азаматтардың құқығы тең және еркін болуын қамтамасыз ететін Ата Заңымыздың әрбір сөзін бұлжытпай ұстануымыз қажет. Заң мен тәртіптің әрдайым және барлық жерде сақталуы, заң үстемдігінің сөзбен де, іспен де орнығуы маңызды»
Биыл Қазақстан Конституциясына - 30 жыл. Ата заңға сәйкес, әрбір адамның құқығы заңмен қорғалған. Әрі ішкі де, сыртқы саясаттың бағытын айқындап, ел ішіндегі тәртіп пен тұрақтылықтың кепілі болып отырған басты құжат. Бұл мерейлі дата – тек заңгерлер үшін емес, барша қоғам үшін маңызды белес, дейді қызылордалықтар.
Ал, Ата Заңның 30 жыл ішінде бірнеше мәрте жаңарып, заман талабына сай бейімделуі — мемлекеттің демократиялық дамуының айғағы, дейді заңгер Жандос Абсат.
ЖАНДОС АБСАТ – ЗАҢГЕР //Конституция – бұл жәй ған құжат емес. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғайтын, еліміздегі тыныштық пен бейбітшілікті қорғайтын заң болып табылады. Ата заңның бірінші бабының өзінде нақты жазылған...//
Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғалатынына әрдайым кепілдік береді. Және соңғы уақытта осы бағыттағы рөлін нығайта түсті. Мұны халық пікірінен аңғаруға болады.