#qyzylordatv
Бүгін Үкімет отырысында еліміздің 3 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, алдағы жылу маусымына дайындық барысы қаралды. Аталған жиыннан кейін аймақтың осы бағыттағы ахуалы сараланды.
Аймақтың үшжылдық бюджеті өңірдің кіріс-шығысын, жаңа Бюджет кодексі мен жаңа Салық кодексін ескере отырып, Сыр елінің мүддесі басты назарға алынып, әзірленді. Әрине, инфляция да индекстелед. Трансферттер де есептелед.
Жалпы биыл 7 айдың қорытындысымен облыста негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі қамтамасыз етілді. Дегенмен,
Тақыр жерде отырған жоқпыз, облыста резервтер бар, соларды үйлестіре отырып, бюджеттің кіріс бөлігіне қарай жұмыс жасау керек деді облыс басшысы. Аймағымыз субвенциялы өңір қатарында екені мәлім. Яғни, әрбір жобаның қаржыландырылуы аса маңызды. Айта кетейік, "Бюджет кодексіне" сәйкес заң жобалары алдағы уақытта Парламенттің қарауына ұсынылады. Әкімдер үшін маңызды сәт те осы. Жиында алдағы жылу маусымына дайындық барысы пысықталды. Не істелді десек.
Электр желілеріне қатысты не істелді, қыстың көзі қырауда жарық жалп ете қалмай ма?
Қысқа дайындық толық біткен жоқ, газ келмеген елді мекендерге көмір керек, ал сол қатты отынның қоры әлі толық жасақталмаған.
Әкімдер қамданулары тиіс. Көмір аспаннан нөсер боп жаумасы анық. Алдағы жылу беру маусымында ешқандай проблема туындамауы тиіс, - деп қатаң тапсырды облыс әкімі
Айта кетейік, жылу желілерін жаңғыртудың 6 жобасын іске асыруға бюджеттен қаржы бөлінген. Бүгінде жұмыстың 67 пайызы орындалды. Биыл жаңа жылу электр орталығы іске қосылады. Жылу мен жарықтан тарықпаймыз. Құзырлы сала басшылығы қызылордалықтар қыстан еш қиналмай шығады деп отыр.