#qyzylordatv

Қыстың қамын жаз ойла деген. Облыста жылу беру маусымы кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрттің алдын алу және газдан улану жағдайларын болдырмау бағытында кешенді шаралар қолға алынбақ.

 Өткен қыс маусымында облыста 120 өрт оқиғасы тіркеліп, 4 адам қаза тапты. Табиғи газдан улану салдарынан 3 адам көз жұмса, 5 тұрғын жарақат алды. Мамандар мұндай жағдайлардың көбі тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін елемеуінен болатынын айтады.

 АСХАТ ОРАЗБЕКОВ- ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ //Қазіргі таңда, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламар басқармасынан алынған тізімге сәйкес, тұрмысы төмен, көпбалалы, жалғысбасты ана және мүгедек жандары бар 6 825 отбасы тізімі нақтыланды. Аталған тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 484 дана табиғи газды анықтайтын датчиктер сатып алынды, аталған датчиктерді осы алдағы жылу беру маусымында орнату жоспарлануда.