#qyzylordatv

Конституция және Білім күніне орай Шиелі ауданында 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» жұмысын бастады. Сондай-ақ Президент тапсырмасымен мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен салынған алғашқы медициналық нысан пайдалануға берілді. Тұрғындардың қуанышына ортақтасқан аймақ басшысы өзге де әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты.

№219 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің іргетасы 1987 жылы қаланған. Қазір мұнда мыңнан астам оқушы білім алады. Осыған дейін шәкірттерге қолайсыздық тудырған оқу ордасы «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өтіп, кабинеттер модификациялық үлгіде жабдықталған. Ғимаратты аралап көрген аймақ басшысы жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, ұстаздарға сапалы білім беруді тапсырды.