#qyzylordatv
Сырдария ауданы Ақжарма ауылында жылына бір ойын алаңын салу дәстүрі қалыптасқан. Ерекшелігі сол ауылға қажетті нысандарды кәсіпкерлер өз қаржысының есебінен салып, балаларға сыйға тартып отыр.
«AMANAT» партиясының мүшесі, шаруашылық төрағасы Марат Бисенов демеушілік жасап, елдімекенде құны 15 млн теңге болатын жаңа ойын алаңы салынды. Мұнда жас футболшылар алғашқы ойындарын өткізіп, көрші ауылдағы командалармен өзара сынға түсті. Бұл жастардың уақытын тиімді өткізуіне, ауылдарды көркейтуге мүмкіндік береді дейді партия белсендісі.
МАРАТ БИСЕНОВ - АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
//-Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі деп айтылған Президентіміз. Сондықтан біз де осы экономикада да, қай сала болсын бірінші кезекте ауылдың халықының әлеуметтік жағдайы жақсы болса сол жердегі жұмыста жүреді, әлеуметтік сала да барлығы жақсы болады. Экономикасы да жақсы болады.//