Жыл басынан бері Байқоңыр қаласында жасөспірімдердің қатысуымен болатын ауыр қылмыстық істер тіркелмеген. «Ал, Төретам мен Ақайда бірде-бір қылмысқа жол берілген жоқ. Бұл қос мемлекеттің құқық қорғаушылары біріге атқарған кешенді жұмыстың нәтижесі»,- деп мәлемдеді Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдік бастығы Алтынбек Ахметов. Бұл туралы "Qyzylorda" телеарнасы хабарлады.


Байқоңырдағы тәртіп сақшылары соңғы уақытта профилактикалық және рейдтік іс-шараларды күшейткен. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін кезекті шара Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде өтті. Тәртіп сақшылары лудомания, буллинг, ерте жүктілік, суицид сынды қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша баяндама жасап, аталған тақырыптар аясында жасөспірімдермен пікіралмасты. Жалпы жұлдызды қалашықтағы қоғамдық ахуал тұрақты, дейді жауаптылар.


АЛТЫНБЕК АХМЕТОВ - ҚР ІІМ БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨКІЛДІГІНІҢ БАСТЫҒЫ

«55 мың халық тұратын Байқоңыр қаласындағы РФ әріптестерімен бірлесіп, кешенді жұмыстар жүргізудеміз. Осы Төретам, Ақай және Байқоңыр аласындағы Қазақстан мектептерінде осындай кездесулер өткізіп, оқушылармен кездесіп тұрамыз. Жалпы республикада, өңірде қандай да бір оқиғалар орыналып жатса, соларды жеткізіп, алдын алып отырамыз. Біздің өзіміздің қамтитын Төретам мен Ақайда жасөспірімдермен бірде бір қылмысқа жол берілген жоқ жылдың басынан бері. Осы өкілдіктің, учаскелік полициялардың нәтижелі жұмыстарының арқасында жасөспірімдер арасында ауыр қылмыстар, қарулы қылмыстар тіркелген жоқ».


СНХ: НҰРГҮЛ АЛИМБАЕВА - С. ЖИЕНҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ БАЙҚОҢЫР ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Құқықбұзушылық, лудомания, нашақорлық, вейб темекі, суцидтің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілді. Біздің колледжмізде 2023-2024 оқу жылында 300-ден аса студент білім алуда. Енді бізде жалғыз Байқңоыр қаласы емес Төретам кенті, Ақай ауылынан, Қармақшы, Қазалы аудандарынан Қызылорда қаласынан келген студенттер білім алуда. Енді бір қуантарлық жағдай біздің студенттер арасында полицияда есепте тұрған студенттер жоқ»